Ел тынысыСаясат

Құрылтай заңдарды жедел енгізеді

 «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының жетекшісі Санира Жүсіпова жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында Comfort Hotel Astana қонақүйі қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазір Қазақстан Конституциясы бекітілген 1995 жылғыдағыдай емес, заман өзгерді. Өмірімізге жасанды интеллект, цифрландыру дәуірі дендеп еніп жатыр. Туындаған кейбір мәселені бір ғана қоңырау шалу арқылы шешуге болады. Ал кейбір салаларда мәселе тек заңнамалық өзгерістер енгізілу жолымен шешіледі. Конституцияның жаңа жобасы бойынша бір палаталы Құрылтай құрылады. Қос палаталы Парламентте заңдарды Мәжіліс пен Сенат қарайды. Жоғары палата белгілі бір заңдағы шикіліктерді байқаса, төменгі палатаға қайтарады. Осылайша заңды қабылдағанша біраз уақыт өтеді. Ал бір палаталы Құрылтай жаңа заңдарды жеделдетіп қолданысқа енгізеді» деді Санира Жүсіпова.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button