Құқық

Құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді

Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді. Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.

«Біз заңға бағыну — жоғары мәдениеттіліктің және отандастарыңа деген құрметтің белгісі екенін жеткізгіміз келеді. Бұл — өңіріміздегі қауіпсіз өмірдің іргетасы», — деп атап өтті облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button