Ел тынысыСаясат

Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Астанада қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған арнайы жиын өтіп, онда Конституциясының жаңа редакциясы жобасы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Tanum» көпфункционалды кешенінің базасында өткен жиынға қосымша білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Олар Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Зұлфұхар Ғайыповпен жүздесті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Талқылау барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың ел дамуына ықпалы және белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудағы білім беру жүйесінің рөлі кеңінен қозғалды. Әсіресе, қосымша білім беру саласының жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы маңызына ерекше назар аударылды.

Зұлфұхар Ғайыпов өз сөзінде Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшылары елдегі реформаларды түсіндіруде, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін бөлісіп, мазмұнды диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті. Олар конституциялық өзгерістерді талқылау тек заңгерлер мен саясаттанушыларға ғана емес, білім саласының өкілдеріне де тікелей қатысты екенін айтты.

Бұл басқосу қосымша білім беру ұйымдары басшылары үшін ел дамуының стратегиялық бағыттарын тереңірек түсінуге және өз жұмысында азаматтық құндылықтарды нығайтуға жаңа серпін берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button