
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардар болу деңгейі жоғары екенін көрсетті.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5 пайызы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2 пайызы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3 пайызы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжей таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 12,5 пайызы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген. Ал «Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа Конституция жобасы жарияланды. Сіз осы жобаны қолдайсыз ба?» деген сауалнамаға қатысқандардың 86,5 пайызы жарияланған жобаны қолдайтынын айтқан.



