Қоғам

Қоғамдық Кеңесте талқыланды

Астана қаласы Қоғамдық Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиында қала тіршілігіне тікелей қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Отырыста «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану» ММ басшысы Дәулет Досқұлов қаладағы жасыл желектерге құжаттар беру және цифрландыру үдерістерін жеделдету іс-шаралары туралы; Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев оқушылар мен тәрбиеленушілердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелернің талқылауына ұсынды. Сондай-ақ Астана қаласының су объектілерінде демалу, туризм және спорттық жарыстарға арналған орындар белгілеу, Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу сынды мәселелер қаралды.

Қалаға қарасты әр ауданның әкімдерінің орынбасарлары көгалдандыруға байланысты атқарылған жұмыстардың жай-күйін баяндап, түйткілді жайттарды кеңес мүшелерінің назарына ұсынды. Баяндамашылар ағаш отырғызу, көгалдарды күтіп-баптау және санитарлық тазалыққа қатысты нақты деректер келтірді. Қоғамдық кеңес мүшелері көгалдандыру және қала тазалығын сақтау мәселелеріне байланысты аудан әкімдеріне сұрақтар қойып, бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Қоғамдық кеңес мүшелері есеп беруші ұйымдардың ақпаратын тыңдап, талқылай келе, елордада көгалдандыру бағытында үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын, соңғы екі жылда қоғамдық кеңістіктерді дамыту, саябақтар, скверлер мен аллеялар салу және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып, 14 жоба жүзеге асқанын атап өтті.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button