Қоғамдық кеңес мүшелерін онлайн-оқыту басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Жаңадан сайланған Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оқытудың басты мақсаты – қоғамдық кеңестердің кәсіби біліктілігі мен институционалдық әлеуетін нығайту арқылы азаматтардың мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретіндегі рөлін күшейту.
Оқу бағдарламасы Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі бағыттары бойынша 11 тақырыптық онлайн-семинарды қамтиды: Қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздері, қоғамдық бақылау жүргізу тәртібі, этика және жауапкершілік, мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл, жеке құзыреттіліктерді дамыту, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, жария коммуникация және үздік тәжірибемен алмасу.
Семинарлар мемлекеттік басқару, құқық және азаматтық секторды дамыту саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Өткізу форматы: онлайн.
Қатысу: тегін, https://forms.gle/sEAskCNnFJ4zoAd66 сілтемесі бойынша алдын ала тіркелу арқылы.
Анықтама телефоны: +7 775 274 22 69, +7 /7172/ 74-04-32, 74-04-50.