«ҚазТрансОйл» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өтті

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «ҚазТрансОйл»АҚ ұжымы үшін қаржылық және цифрлық қауіпсіздік бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Аталған семинарға «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының және өңірлердің еншілес бөлімшелерінің 281 қызметкері қатысты.
Іс-шараның мақсаты-халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Нұрғали Аязов қаржылық қауіпсіздіктің негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді, «жанды» кейстер мен алаяқтық схемаларға тарту тәсілдерін қарастырды. Сонымен қатар жиында алаяқтардың құрбаны болмау, қаржы пирамидасының салымшысы, дроппер болмау туралы ақпарат жеткізілді, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы, алаяқтықтан қорғау әдістері, интернет-алаяқтық, терең фейктер, дербес деректерді қорғау туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Қатысушылар сұрақтар қойып, қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық кеңес алды. Семинар соңында қатысушылар Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне осындай іс-шараларды өткізгені үшін алғыс білдірді.



