Білім

«QazSkills» I желілік қазақ тілі олимпиадасы өтті

Астана қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қарасты мектептердің өзге ұлт оқушылары арасында «QazSkills» I желілік қазақ тілі олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/

Іс-шара NIS USTAZ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығы аясында өтті.

Олимпиаданы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы», Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді зияткерлік әрі рухани даму құралы ретінде меңгеруге қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді. Қатысушылар қазақ тілі пәні бойынша білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, үздіктер анықталды.

Аталған іс-шара — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және жас ұрпақтың тілге деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button