Қоғам

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті. Іс-шараны «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрмелермен қатар далалық сынақтар селекциялық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар иттің аңшылық қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Тазының аңшылық шеберлігі — ата-бабаларымыз үшін басты сұрыптау өлшемі болғаны мәлім.

Бүгінгі сынақтар барысында иттердің жылдамдығы, маневрлік қабілеті, төзімділігі, ақылы мен қуу шеберлігі бағаланды. Нәтижелер иттердің жоғары дайындық деңгейін растады.

Іс-шара барлық қауіпсіздік талаптары мен аңшылық ережелеріне сай өтті. Сынақтарға еліміздің әр өңірінен 20 қазақы тазы қатысты. Төрешілік міндетін тәжірибелі мамандар, сарапшылар мен тазы баптаушылар атқарды. Олар Алматы, Ақтөбе, Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан келді және «Nomad» клубы РҚБ «Қазақстан кинологтар одағы» ұйымдастырған алғашқы далалық сынақтарға қатысты.

Клубымыздың бастамасын қолдағаны үшін РҚБ «Қазақстан кинологтар одағына» алғыс білдіреміз.

Естеріңізге сала кетейік, дәл «Nomad» клубы алғаш рет Қазақстанда тазының далалық сынақтарын 2010, 2011 және 2013 жылдары өткізген болатын.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын — Nomad клубы, Шагала
🥈 2-орын — Nomad клубы, Сылан
🥉 3-орын — Смағұлов М., Volya

Бұл нәтижелер ұлттық аңшылық дәстүріне деген құрмет пен қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті.

Фото:  Nomad ұлттық аңшылық клубы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button