Ел тынысыСаясат

Қазақстанның конституциялық реформасы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы назарында

Қазақстанның Страсбург қаласындағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Бас хатшысы Деспина Хацивассилиумен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында Бас хатшыға конституциялық реформаның негізгі кезеңдері мен жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы жан-жақты таныстырылды.

Конституциялық реформа – жаңа саяси, экономикалық және технологиялық шынайылық жағдайында мемлекеттің институционалдық архитектурасын уақтылы жетілдіру болып табылады.

ЕКПА басшылығына Негізгі заңның басты жаңашылдықтары таныстырылды. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын бейнелеуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғаны аталып өтті.

Жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген Қазақстанның саяси жүйесінің үздіксіздігі мен даму логикасын нығайтады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралардың алдын ала жол картасы айқындады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button