Ел тынысыСаясат

Қазақстанның конституциялық реформалары Варшавада таныстырылды

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польшаның бұрынғы Вице-премьері, Экономика министрі, қазіргі уақытта «Польша–Азия» сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Януш Пехочиньскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында сұхбаттасушыға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері таныстырылды. Ұсынылып отырған өзгерістер заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді. Конституциялық өзгерістер Қазақстанның саяси жүйесін кең ауқымды жаңғырту үдерісінің бір бөлігі ретінде қарастырылып, мемлекеттік институттарды нығайтуға және басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға бағытталғаны айтылды.

Адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Өз кезегінде Пехочиньский Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктеріне тоқталып, еліміздің өңірлік және халықаралық үдерістердегі рөлінің артып келе жатқанына атап өтті.

Сондай-ақ, жаңа Конституцияның ұсынылуы мен жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстанның мемлекеттік институттарды одан әрі нығайтуға және тек өз елі үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін жарқын болашақ қалыптастыруға ұмтылысын көрсететінін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button