
ҚР Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Румыния Парламентінің Сенаторы, «Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық» тобының төрағасы Кристиан Никулеску-Цыгырлашпен ҚР Конституциясының жаңа жобасына және жалпы конституциялық реформаға қатысты кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
К.Никулеску-Цыгырлаш Конституцияның жаңа жобасы мен жалпы конституциялық реформаны мемлекет институттарын жаңғыртудың маңызды құралы ретінде бағалады. Оның пікірінше, қазіргі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында негізгі заң қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, ал реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталуы керек.
К. Цыгырлаштың ойы бойынша Румыния үшін мұндай реформаның басты пайдасы — мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту. Сенатор конституциялық нормаларды нақтылау сот тәуелсіздігін нығайтуға, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қазіргі заман талаптарына сай қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.



