Қоғам

Қазақстандықтар IT-мамандықтар есебінен өз кірістерін қалай арттырады

AqylTech және IT-Aiel бағдарламаларына қатысуға 11 мыңнан астам адам, негізінен әйелдер мен жастар тіркелді. 5 мыңға жуық қатысушы оқудан өтті, оның ішінде 1 334 әйел жаңа кәсіп алды немесе табысын едәуір арттырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Біз күн сайын қыздардың ірі компанияларға орналасып, жаңа мамандықтар тауып жатқанын естиміз. Біреулер бұрынғы қызметін IT бағытпен қатар алып жүреді. Жалпы, бағдарламаға қатысушылардың 36%-ы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді», – деді TechnoWomen кеңесінің мүшесі Алуа Көрпебаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар Алуа Көрпебаева бағдарламаға қатысушылар меңгерген дағдыларды мысалға келтірді. Бір чат-бот жасаудың құны 80 мың теңгеге дейін жетеді, қатысушылардың көбі жүзеге асырған кейстерінен портфолио жинап үлгерді. Нәтижесінде олар курстарды аяқтағаннан кейін жақсы жұмысқа орналасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button