Ел тынысы
Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады

Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған. Оны ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Келісім аясында шетелге шығуға арналған құжаттар тізімі кеңейеді. Енді оған Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік және Армения азаматтары үшін сәйкестендіру кіреді. Осылайша, қазақстандықтар Арменияда ішкі құжатпен жүре алады. Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын.