Әлеумет

Қазақстандық оқушылар Қытайда IESO 2025 халықаралық олимпиадасына қатысуда

Цзинин қаласында (ҚХР) Жер туралы ғылымдар бойынша 18-ші Халықаралық олимпиада (International Earth Science Olympiad – IESO 2025) өтуде. IESO – Жердің құрылымын, табиғи үдерістері мен құбылыстарын зерттеуге арналған жас геологтар арасындағы ең ірі ғылыми жарыс, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 34 елінен ұлттық командалар қатысуда. 10 күн бойы қатысушылар күрделі тапсырмаларды орындайтын болады, мәселен:

  • геологиялық далалық зерттеулер жүргізу;
  • геологиялық кескіндер мен үлгілерді талдау;
  • климаттық және табиғи деректерді интерпретациялау;
  • халықаралық аралас командалармен ғылыми жобалар әзірлеу.

IESO 2025 олимпиадасында Қазақстан атынан келесі талантты оқушылар бақ сынауда:

  • Айтжанова Алина – Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Атымтай Надира – Қызылорда қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Болат Ақжол – Талдықорған қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Тұрсынханов Альнұр – Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

Исмаилова Жанат Қабиқызы – «Жас геолог» корпоративтік қорының директоры;

Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы – Қазақстан құрамасының жетекшісі.

Олимпиада 2025 жылғы 17 тамызға дейін жалғасады.

Анықтама:
International Earth Science Olympiad (IESO) – геология, метеорология, гидрология, астрономия және экология салаларын қамтитын, жоғары сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы халықаралық олимпиада. Бұл жарыс 2007 жылдан бері өткізілуде.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – Жер туралы ғылымдар саласындағы білімді дамыту және қоғамның геологиялық әрі экологиялық сауаттылығын арттыру.

Қазақстан құрамасы IESO олимпиадасына 2015 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандық оқушылар 6 алтын, 10 күміс және 19 қола медаль жеңіп алған.

Жас геологтарға сәттілік тілейміз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button