Ел тынысы
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль олжалады

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль олжалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханованың айтуынша, халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші қазақстандық оқушы елге жүлдемен оралды. Ұлттық құрама қоржынында – 362 медаль, оның ішінде 41 алтын бар.
«Бұл – қазақстандық білім сапасының халықаралық деңгейде жоғары бағалануының айқын дәлелі. Биылғы оқу жылында 40%-дан астам оқушы республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік шараларға қатысты. Оның ішінде қазақстандық оқушылар Азия және әлемдік олимпиадаларда білімдерімен ерекше дараланып, беделді марапаттарға ие болды», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.