Білім

Қазақстандық мектептерде PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі

1 сәуір — 15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі. PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан PIRLS зерттеуіне 2016 жылдан бері қатысып келеді. Ағымдағы циклдің ерекшелігі – зерттеудің компьютерлік форматқа көшуі. PIRLS-2026 нәтижелері 2027 жылдың желтоқсан айында жарияланып, бастауыш білім беру жүйесінің оқу бағытындағы тиімділігін бағалауға, оқыту сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге және оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, еліміздің 10 өңірінде 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша білімін бағалауға бағытталған TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің апробациясы өтеді. Апробацияға 35 мектептен 2500-ден астам оқушы қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта жүргізіледі.

TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі 2027 жылдың сәуі-мамыр айларына жоспарланған. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруге, мектептер мен педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button