4 оқушы географиядан халықаралық олимпиадада ел намысын қорғауда

Тайланд астанасы Бангкок қаласында Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad – IGeO) өтіп жатыр. Беделді білім сайысына әлемнің 50-ге жуық елінен 200-ден астам оқушы қатысуда. Олимпиада 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
IGeO үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырмалар және далалық зерттеу туры.
Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада резерві мүшелерінен жасақталған:
Ақжол Болат – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Алихан Калмагамбетов – Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Талғат Байбусунов – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Абай Дүйсен – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Рустам Валеев – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті.
Анықтама: Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың география және қоршаған орта саласына қызығушылығын арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан бұл жарысқа 2012 жылдан бастап тұрақты түрде қатысуда. 2024 жылы еліміздің құрамасы 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған болатын.
Жас зияткерлерге сәттілік тілейміз!