Қоғам

Қазақстандағы сертификаттау ережелері жетілдірілуде

2025 жылғы 15 қыркүйектегі №263-НҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы №433-НҚ «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы бекітілді. Бұйрық 2025 жылғы 6 желтоқсанда күшіне енеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Негізгі жаңалықтар:

– сәйкестікті растау кезінде декларациялау схемалары әзірленді;

– міндетті түрде сәйкестікті растауға (сертификаттауға) жататын нысандарды сәйкестендіру тәртібі актімен рәсімделе отырып реттелді;

– табиғи тастан жасалған бұйымдарға берілетін сертификаттарда қосымша мәліметтерді (кен орны, сарапшы-аудитордың болуы, кен жынысының беріктігі және т.б.) көрсету нормалары көзделген;

– сынақ хаттамалары техникалық реттеу тізілімінде толық нұсқасымен тіркелетін болады;

– өнімге сәйкестікті бағалауды өткізбестен сертификат немесе сәйкестік туралы декларацияны қайта рәсімдеу негіздері кеңейтіледі.

Ұсынылған шаралар сәйкестікті бағалау рәсіміне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, техникалық реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы нормаларымен үйлестіру, соның ішінде органикалық және Халал өнімдері өндірісінің дамуын ескере отырып, сәйкестік сертификаты нысанын бейімдеу көзделген.

Аталған түзетулерді қабылдау оң әсерін тигізіп, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіруге және бизнес пен аккредитация субъектілері арасындағы өзара тиімді өзара іс-қимылды құруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button