Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті неге «Росатом» салатыны түсіндірілді

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумға жетекшілік ететін компания ретінде ресейлік «Росатом» таңдалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл шешімді ҚР Атом энергетикасы агенттігі халықаралық сарапшылармен бірлесіп қабылдады. Бұған дейін жобаға Қытай, Франция және Корея компаниялары да қызығушылық білдірген болатын.
«Росатом» Қазақстандағы алғашқы АЭС салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы болып танылды Атом энергиясы жөніндегі агенттік халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздегі алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға арналған консорциум көшбасшысын айқындау жұмысын аяқтады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әлеуетті жеткізушілердің «қысқа тізіміне» келесі компаниялар енді: «Росатом» (Ресей), «China National Nuclear Corporation» (Қытай), «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея).
Тізімге енген компаниялар Қазақстанда АЭС салу бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстардан тұратын материалдардың кешенді пакетін ұсынды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және француздық Assystem инженерлік компаниясы бірлесіп әзірлеген әдістеме негізінде ұсынылған реакторлық технологиялар мен басқа да ұсыныстарға кешенді бағалау жүргізілді.
– Жүргізілген талдау нәтижелері Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия Қазақстанда АЭС салу бойынша ең тиімді және оңтайлы ұсыныс ретінде “Росатом” компаниясын таңдады. Одан кейінгі орында – Қытайдың CNNC компаниясы. Францияның EDF және Кореяның KHNP компаниялары үшінші орынды бөлісті, – делінген хабарламада.
Осы талдаудың нәтижелері атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды және Қазақстанда АЭС салу бойынша ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныстар ресейлік «Росатом» компаниясынан келгені анықталды. Екінші орынға қытайлық «China National Nuclear Corporation» жайғасса, француздық «Électricité de France» пен кореялық «Korea Hydro & Nuclear Power» ұсыныстары үшінші орынды иеленді. Осылайша, «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде анықталды. Қазіргі уақытта «Росатом» ұсынған ұсыныстар негізінде Ресей Федерациясы тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі пысықталуда.