Ел тынысы

Қазақстанда жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Енді жеке куәлікті толықтай онлайн түрде eGov.кz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы ауыстыруға мүмкіндік бар. Қызмет қазір тестілік режимде жұмыс істейді және тек құжат иесіне ғана қолжетімді. Басқа адам үшін өтініш беру мүмкін емес, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жеке куәлікті оның мерзімі аяқталуға 30 күн қалғанға дейін немесе мерзімінен кейін 10 күн ішінде ауыстыруға болады. Өтініш беру үшін жүйеге кіріп, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, қажетті мәліметтерді толтырып, құжатты алу пунктін таңдап, мемлекеттік қызмет төлемін төлеу қажет. Төлемнің мөлшері — стандартты нұсқада 786 теңге.

Барлық процесс Digital ID қорғалған жүйесі арқылы жүзеге асады, биометриялық деректер шифрланған түрде сақталады. Егер онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаса (жасқа байланысты, операциядан кейінгі өзгерістер немесе сыртқы ерекшеліктеріне байланысты), жүйе азаматты ХҚО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығы) баруға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button