Ел тынысы

Елде тұрмыстық техника өндірісі артып келеді

Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі саласы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, ішкі сұраныстың артуы, инвестициялардың тартылуы және мемлекеттің жүйелі қолдауы есебінен өндіріс көлемі айтарлықтай ұлғайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Нарықтағы табысты мысалдар арасында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС. Ол электроника және тұрмыстық техника саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі.

Кәсіпорын Samsung Electronics компаниясымен әріптестікте жұмыс істейді, бұл сапаның жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. 2024 жылы зауытта теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды қоса алғанда, 181 мыңнан астам бірлік өнім өндірілді. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 74 000 бірлік, 2025 жылдың сол кезеңінде – 97 000 бірлік.

Әрі қарай – «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY» ЖШС, ол асүйге арналған тұрмыстық техникалар, оның ішінде пісіру панельдері, духовой шкафтары, шағын пештер мен плиталар шығарады. Кәсіпорын өндірістік желілерді белсенді түрде жаңғыртып, жақын болашақта тоңазытқыштар, мұздатқыштар, сорғыштар мен теледидарлар шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемі 2024 жылдың алғашқы алты айында 8 000 бірлікті, ал 2025 жылдың сол кезеңінде 27 000 бірлікті құрады.

Алматы қаласы, «Алатау» АЭА-да орналасқан «DS Multimedia CA» ЖШС 2024 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын Xiaomi брендімен теледидарларды құрастыруды жүзеге асырып келеді. Қысқа уақыт ішінде 50 мың бірлік техника өндірілді, бұл өнімге жоғары сұраныс пен жобаның кеңеюге әлеуеті бар екенін дәлелдейді.

Қазақстандағы тұрмыстық техника өндірісі тұрақты дамып келеді. Негізгі басымдықтар – өнім түрлерін кеңейту, жергілікті құрамды арттыру, экспортқа шығу және инновацияларды енгізу.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button