Ел тынысы

 Қазақстанда танымал Backstreet Boys тобының концерті өтеді

Қазақстанда танымал Backstreet Boys тобының концерті өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Соңғы жылдары елімізде халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар көбейіп келеді. Мысалы, әлемге әйгілі Backstreet Boys тобын Қазақстанға алғаш келеді. Бұл мәдени туризм мен креативті индустрияны дамытуға сепін беретін жоба.

«Осындай ірі жобалар еліміздің халықаралық беделін арттырып, заманауи құндылықтарды қолдайтын мемлекет ретінде танылуына ықпал етеді. Оқиғалық туризмді дамыту ел брендін және ұлттық мәдени мұраны танымал етудің тиімді жолы. Жалпы мәдениеттің шекарасы жоқ. Мұндай іс-шараларға мәдениет, бизнес, еріктілер және жанкүйерлер қатарындағы көптеген жастар тартылады. Бұл еліміздің мәдени капиталын күшейтіп, халықаралық имиджін жақсартуға оң әсерін тигізеді», – деді ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, концерт толықтай жекеменшік инвестиция есебінен ұйымдастырылады. Жобаны жеке ұйымдастырушылар жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген. Министрлік өз тарапынан ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button