Қазақстанда қылмыс саны 13% төмендеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі елімізде қауіпсіз қала және ауылдық ортаны құруға күш салуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.
Бүгінде 15 мыңнан астам патрульдеу маршруттары әзірленген. Бұл барлық проблемалық аймақтарды қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қайталануы мүмкін қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мұндай шаралар елеулі нәтижелер беруде. Осы жылдың басынан бастап қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай-ақ бұрын сотталған адамдар арасында құқық бұзушылықтар санының азаюы тіркеліп отыр. Полицияның үйлесімді жұмысының арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылды, сондай-ақ 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.
— деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.