Білім

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

Қазіргі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 89 мың оқушыға арналған 81 мектеп салынды. Оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың оқушы орнына арналған 18 жаңа мектеп іске қосылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақмерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Маңдырай станциясында екі мектеп, Солтүстік Қазақстан облысында бір балабақша салынды. Еске салайық, Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 8 білім беру нысаны қаржыландырылды, оның ішінде 5 мектеп, 2 балабақша және 1 жатақхана бар.

Қосымша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 16 мың оқушы орнына арналған 30 мектептің құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:
• реновация бағдарламасы аясында 209 мектеп жаңартылды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• ауыл мектептері үшін 1196 заманауи пән кабинеті сатып алынды.

Жаңа нысандарды пайдалануға берудің нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарында үшауысымды оқыту мәселесі толығымен жойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button