Ел тынысы

Қазақстанда филантропия мектебін құру жоспарланып отыр

Қазақстанда филантропия мектебін құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар туралы» заңды іске асыру аясында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда, жалпы капитализациясы 50 млрд теңгені құрайтын 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент қор құру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ лаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Сондай-ақ, эндаумент қорлардың қызметкерлерін, әлеуетті инвесторлар мен салымшыларды, активтерді кәсіби басқарушыларды даярлау мақсатында АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, жоғары оқу орны базасында филантропия мектебін құру жоспарланып отыр.

«Қазіргі таңда мұндай ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Мысалы, Индиана университетінен», — деп нақтылады спикер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button