Қоғам

Қазақстанда экологиялық білім беру дамытылады

Азаматтық форум шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan компаниясы мен ««Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ арасында «ReStart» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жоспар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында, Жолдауда көрсетілгендей ауқымды экологиялық апат қаупіне алаңдаушылық туғыза отырып, студент жастарды Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және айналмалы экономиканы дамытуға тарту бағытында, сондай-ақ «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленді.

Қол қойылған жоспардың мақсаты – экология, тұрақты даму және экологиялық білім беру саласындағы бастамаларды іске асыру үшін мемлекеттің, азаматтық қоғамның және бизнестің өзара іс-қимылының нақты платформасын құру.

Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге және «жасыл экономика» негіздерін елдің жоғары білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған. Жоспардың негізгі міндеттерінің қатарында экологиялық білім беру және тәрбие саласындағы Жастар бастамаларын дамытуға жәрдемдесу, ЖОО базасында студенттік эко-клубтар мен ғылыми қауымдастықтарды дамыту, қалдықтарды бөлек жинау және «жасыл кампустарды» дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ «жасыл» жобаларды ілгерілету және серіктестер мен инвесторларды тарту бар.

Жоспар CCI Kazakhstan компаниясының он жылдық тәжірибесі мен табысты «3.2.1. Start!» жобасының жетістіктеріне негізделген, және де ол жоба биылғы жылы «ReStart» деп аталатын жаңа форматқа көшіп, тұрақты даму мен эко-ағартуға назар аудара отырып, пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамытудың ең ірі экоплатформасына айналды. Тек қана 2024 жылдың өзінде қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері – ҚазМАУ, ҚБТУ, Satbayev University, ҚазҰАЗУ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ және басқалар -17 тоннадан астам пластикалық қалдықтарды жинап, оларды жаңа бұйымдарға айналдырған.

2025 жылы жобаның тоғызыншы маусымында студенттердің жалпы саны 100 мыңнан асатын 14 ЖОО қатысты. Бір жыл ішінде студенттер 35 тоннадан астам пластик жинады, бұл өткен маусымның көрсеткіштерінен асып түсті және жоба бүкіл ел бойынша 15 сенбілік өткізді.

CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеуші қатынастар жөніндегі директоры Әлима Исембаева жоспарға қол қою рәсімінде сөз сөйледі.

«Биыл жоба өзінің онжылдығын атап өтуде, ол дамудың жаңа кезеңімен — «ReStart» жаңартылған атауымен және ауқымды миссиясымен, студенттердің күнделікті өміріне қалдықтарды жүйелі түрде бөлек жинауды және орнықты даму қағидаттарын енгізе отырып, Қазақстанның одан да көп университеттерін қамту сынды мәселелермен сай келіп отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу-азаматтық қоғамның, мемлекеттің және бизнестің тиімді серіктестігі нақты нәтижелерге қалай қол жеткізетінін және экологиялық жауапты ұрпақты қалыптастыра алатынын көрсететін маңызды қадам»,-деп атап өтті.

Жобаны іске асыру жылдарында ондаған студенттік эко-клубтар құрылды, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша көптеген бастамалар әзірленді, олардың көпшілігі университеттердің тұрақты тәжірибесіне айналды.

Атап айтқанда, Satbayev University-де пластикалық қақпақтарды жинау және оларды шағын сәулет нысандарының элементтеріне қайта өңдеу жүйесі енгізілді, ҚазҰАЗУ-да «Жасыл кампус» жобасы іске асырылды, ал М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да студенттер қайта өңделген пластиктен жасалған кәдесый желісін дамытуда.

«ReStart» – тың жарқын түлектерінің қатарына Rocket Plastic, Recycle Birge және EcoCashback – тұрақты инфрақұрылымдар мен дамуды жалғастыратын әлеуметтік кәсіпорындарға айналған стартаптар кіреді.
«ReStart» бастамасы — тұрақты дамудың жаңа кезеңі және Қазақстанның 2030-күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесі болмақ.

Коалицияның Басқарма төрағасы Әлия Рахымбекова: «Біз мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі үшін берік негіз құратынына сенімдіміз»,-деді.

««Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы» ЗТБ 2013 жылы құрылған сәттен бастап Қазақстанда тұрақты даму және климаттық ағарту идеяларын ілгерілетудің сараптамалық, әдістемелік және қоғамдық орталығы саналады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінен құжатқа Министрліктің Аппарат басшысы Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет қол қойып, Жоспарға қол қою экологиялық білім беру мен жастар тәрбиесін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

««ReStart» жобасы-жастардың экологиялық ойлауы мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін бірлесіп қалыптастырудың жарқын мысалы. Жоспарды іске асыру айтарлықтай нәтиже беретініне және Қазақстанның тұрақты болашағын дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деді Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button