Ел тынысы

Қазақстанда бірыңғай медициналық дерекқор құрылуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерін (АЖ) трансформациялау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлікке қарасты 17 ақпараттық жүйе бар, соның ішінде 8-ін бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Бұл трансформацияны ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде Бірыңғай медициналық дерекқор қалыптасып, әрбір азаматтың электрондық денсаулық паспорты цифрлық форматта қолжетімді болады», – деді Ербол Оспанов.

Жаңа жүйе азамат Қазақстанның қай өңірінде, қай медициналық мекемеге жүгінсе де, дәрігерге оның толық медициналық тарихын көруіне мүмкіндік береді.

«Әр азамат өзінің медициналық деректерін басқара алады. Ол электрондық портал арқылы қай медициналық ұйымға, қандай дәрігерге өзінің деректерін ұсынатынын өзі шешеді», – деп атап өтті вице-министр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button