Ел тынысы

Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтіледі

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының нормаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz UKIMET телеграм арнасына сілтеме жасап. 

«Бұл деректерді техникалық тұрғыда қорғауға және рұқсатсыз қол жеткізу кезінде оның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деректер базасынан деректерді жүктеп алуға шектеу қою жоспарлануда. Ақпараттық жүйелерді интеграциялауға басымдық беріледі, бірақ жекелеген, заңмен қатаң белгіленген жағдайларды қоспағанда, мәліметтерді жүктеп алуға тыйым салынады», — деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.

Министр мемлекеттік органдар да, жеке сектор да өңдейтін дербес деректерді ретке келтіру және есепке алу үшін келесідей тетік құрылатынын айтты:

  • сыныптарға бөлінген Дербес деректер операторларының тізілімі;
  • Сенімді шетелдік ақпарат алушылар тізілімі. Бұл тұста кибермәдениет деңгейін одан әрі арттыра түсуге ерекше назар аударылады.

Екінші бағыт – жауапкершілікті арттыру. Пайдаланушылар алдындағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыру үшін операторлар: дербес деректердің тарап кету фактілері туралы уәкілетті органға да, азаматтардың өзіне де, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Бұдан басқа, дербес деректердің жаппай тарап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұл шегін 5000 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button