Қоғам

Қазақстанда алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған маңызды бастаманы іске қосты. Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға мүмкіндік береді.

Кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button