Әлеумет

АЭС атауын коммерциялық мақсатта қолдану идеясы ұсынылды

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі елімізде алғаш салынатын атом электр стансасы атауын сатуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, маркетолог желіде АЭС атауын коммерциялық мақсатта қолданып, автомобиль нөмірі секілді сату жөнінде ұсыныс жасаған.

— Сіздің ұсынысыңыз маркетинг тұрғысынан шынында да креативті. Алайда, атом электр станциясы — Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Оның атауы тарихи, мәдени және ұлттық құндылықты бейнелеп қана қоймай, ел азаматтары үшін сенім мен бірлікті білдіретін символға айналуы тиіс. Коммерциялық жобалардан айырмашылығы, атом энергетикасын сату немесе уақытша айналымға түсетін бренд ретінде қарастыруға болмайды, — деген түсінік берді агенттік.

Ресми ақпаратта айтылғандай, АЭС атауын таңдау конкурсы халықтың қатысумен өтеді. Ол бүкіл қазақстандық үшін ортақ символға айналуы тиіс.

— Қазір Атом энергетикасы агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған конкурсты өткізу тетігін әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр стансасына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмысына кіріскен еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button