Ел тынысы

Қазақстанда 2027 жылға дейін 2 млрд түп ағаш егіледі

Қазақстанда 2027 жылға дейін 2 млрд түп ағаш егіледі. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының басшысы Азамат Әбуов айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– Қазіргі таңда орман қорының аумағы 31,4 млн гектар, оның ішінде орманмен көмкерілгені 13,9 млн га, статистикаға қарасақ, жылдан жылға осы көрсеткіш ұлғайып келе жатыр. Қазіргі таңда біздегі ормандылық 1,5 пайызды құрайды. Өкінішке қарай Қостанай және Абай облыстарында ауқымды орман өрттері орын алды. Қазір осы орман өрттерінің қалдықтарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тазарту жұмыстары біткеннен кейін жобалау жұмыстары басталады. Орманда ағаш егу жұмыстары негізінен жоба арқылы ғана жүргізіледі. Ғылыми зерттеу институттары зерттеуін аяқтағаннан кейін ағаш отырғызу басталады, – дейді спикер.

Оның айтуынша, елді мекендерде ағаш егу тәсілі бөлек, ол жақта ағашты 100 пайыз жерсіндіруге болады. Сонымен қатар әр облыстың жерсіну пайызы болады. Мәселен, Қызылордаға 30 пайыз қойылған, бұл жақсы нәтиже деп айтуға болады. Ал СҚО-да 75 пайыз.

-Қазақстанда көп егілетіні – сексеуіл, оны еккеннен кейін күтіп баптаудың қажеті жоқ. Оңтүстік жақта көп. Сосын үйеңкі, қарағай, қарағаш, алма ағаштары көп егіледі. Күтіп баптау орманды жерлерде бастапқы 3-5 жылда жүргізіледі. Суғару орманда жүргізілмейді, себебі ол қаржылай тиімсіз, – дейді сала маманы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button