Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханованың айтуынша, халықаралық біліктілігі бар мамандарды даярлайтын Қазақстан-Қытай кәсіптік-техникалық колледж құрылады. Тиісті келісімге ведомство басшысының Қытайға сапары барысында қол жеткізілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұдан басқа, колледждерді интернационалдандыру аясында Жапония, Франция, Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерімен түрлі ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, бүгінде қазақстандық студенттер мен педагогтер осы елдердің колледждері мен серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде. Сондай-ақ, елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, колледждерді интернационалдандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.