Ел тынысы

Қазақстан туризм саласында тұрақты өсім көрсетуде

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша туризм саласында тұрақты оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ел бойынша ішкі туризм қарқынды дамып келеді: орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтар саны 3,9 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға артты. Әсіресе Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай өсім байқалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жалпы алғанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 7,5 млн шетелдік қонақ келген. Орналастыру орындарының жиынтық кірісі 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 25%-ға жоғары болды», — деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 27%-ға өсіп, нәтижесінде абсолюттік көрсеткіш 592 млрд теңгені құрады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button