Ел тынысы

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде өткізетін шетелдік журналистерге арналған 10-шы мерейтойлық «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Конкурстық жұмыстарды қарау нәтижесінде қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды таңдады:

  • Цифрландыру – Мұхаммед Әли Паша (Пәкістан) – «Role of Astana Hub and Digital Transformation of Kazakhstan»;
  • Экономика – Дерья Сойсал (Бельгия) – «Kazakhstan’s rise a global crypto hub»;
  • Қазақ халқының мәдениеті, тарихы, дәстүрлері – Ақпанбетова Арухан (Өзбекстан) – «Абай мұрасы»;
  • Спорт – Мэтт Фицджеральд (АҚШ) – «Kazakhstan’s journey into the world of tennis: How a nation designed its growth in a global game»;
  • Туризм – Марина Мкртчян (Армения) – «Национальный парк Бурабай – Созерцание прекрасного в гармонии с собой».

Әлемнің 30-дан астам елінен 100-ден астам БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысқан іс-шара Қазақстан туралы шынайы және объективті ақпаратты шетелдік көпшілікке шығармашылық тұрғыда жеткізуге үлес қосқан шетелдік журналистердің еңбегін атап өтуге мүмкіндік беретін алаң ретінде белгілі.

2014 жылдан бастап қазылар алқасы жыл сайын мәтіндік және бейне материалдарды іріктеп, әртүрлі номинациялар бойынша жүлделер беру үрдісін жалғастыруда. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік басылымдар мен медиа өкілдері өз жұмыстарын әртүрлі форматта: танымал интернет-платформаларды, блогтарды, подкасттарды қоса алғанда, баспа және онлайн басылымдардан бастап телеарналардағы бағдарламалар сияқты дәстүрлі хабар тарату тармақтарына дейін көрсетеді. Басылымдар мен материалдардың тақырыбы тарихтан, мәдениеттен, білім беруден, туризм мен ұлттық тағамдардан бастап халықаралық қатынастарға, Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне дейін әртүрлі болып келеді.

Мәдени өзара іс-қимылды тереңдету және елмен жақынырақ танысу мақсатында номинациялар бойынша жеңімпаздар Қазақстанға саяхатпен марапатталады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысына сапарлары барысында жеңімпаздар еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасымен танысатын болады. Бағдарлама аясында байқау лауреаттары көшпенділер өркениетінің рухын дәріптеу мүмкіндігіне ие болып, мемлекеттік сектор өкілдерімен, қазақстандық сарапшылар мен журналистер, сондай-ақ еліміздегі ғылым және мәдениет қайраткерлерімен эксклюзивті сұхбат алатын болады.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), «Astana Hub», «Verny Capital» ЖШС биылғы жылғы байқаудың серіктестері болды. Серіктестер құрамының мұндай кең ауқымы өткізілетін іс-шараның маңыздылығын тағы бір мәрте растайды.

Жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы еліміздің дамуының өзекті үрдістеріне шетелдіктер қызығушылығын белсенді ынталандырудың құрамдас бөліктерінің бірі және бай табиғи және мәдени мұраны насихаттауға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік инвесторлар мен туристер үшін өңірдің әлеуеті мен тартымдылығын ашуға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button