Қазақстан халықаралық төрелікте кезекті рет жеңіске жетті

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1997 жылғы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты инвестициялық келісімге негізделген және Гаага қаласындағы Тұрақты төрелік палатасы (ТТП) әкімшілігіндегі Евгений Белавиннің Қазақстан Республикасына қарсы бастаған ЮНСИТРАЛ төрелік ісін тоқтағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады astana-akshamy.kz
Төрелік шеңберінде Е. Белавин 34 миллиард АҚШ долларынан астам өтемақы талап еткен болатын.
2025 жылғы 1 қыркүйекте Төрелік трибунал төрелік іс жүргізуді дереу тоқтату туралы қаулы шығарып, Е. Белавинді Трибунал мен ТТП-ның барлық шығындарын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төрелік барысында жұмсаған барлық шығындарын өтеуге міндеттеді.
Сонымен қатар, Трибунал Қазақстан Республикасы ұстанымын толық қолдап, мемлекетке қарсы қойылған барлық заңсыз әрекеттер туралы айыптауларды кері қайтарды.
Айта кету керек, төрелікте Қазақстан Республикасының мүддесін қазақстандық Grata International заң фирмасы және Enyo Law LLP қорғады.