Ел тынысы

Қазақстан құрамасы әлем кубогінде жеңіс шеруін жалғастыруда

15 қазанда АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтіп жатқан волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұған дейін ұлттық құрама Италия, Польша және Канада құрамаларын да дәл осы 3:0 есебімен жеңген болатын. Келесі ойындарда Қазақстан құрамасы 16 қазан күні Астана уақытымен таңғы 03:00-де АҚШ құрамасымен, ал сағат 20:00-де Тайландпен кездеседі.

Әлем кубогі 9–18 қазан аралығында өтеді. Байрақты додаға 14 ерлер және 6 әйелдер ұлттық құрама қатысуда. Бұл турнир Лос-Анджелес–2028 Паралимпиадасына жолдама беруге әсер ететін маңызды рейтингілік ұпайлар саналатын жарыстардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы топ басында келеді. Екінші орында – Египет, үшінші орында – АҚШ командасы.

Айта кетсек, биыл ұлттық құрама алғаш рет Азия чемпионы атанды. Әлемдік рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 66 команда арасында үздік бестікке енеді.

Бүгінде елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі қарқынды дамып келеді. Елде жыл сайын түрлі деңгейдегі 800-ден аса жарыс өткізіледі. Отандық спортшылар жыл сайын 80-нен астам халықаралық турнирге, соның ішінде әлемдік ірі жарыстарға қатысады.

Сонымен қатар, волейболды отырып ойнау спорты Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес басым спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button