Ел тынысы

Қазақстан мен Өзбекстан энергетика саласындағы әріптестікті нығайтуда

 ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейдегі сапарлар нәтижесінде бекітілген екіжақты “Жол картасының” орындалу барысын талқылап, энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асу үдерісін пысықтады. Екі ел арасындағы мұнай-газ секторындағы өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға беріп, газ тасымалдау жүйелері тұрақты әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқандығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.✔️

«2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында отандық газдың Өзбекстан аумағы арқылы транзит көлемі 921,7 млн м³-ты құрады. Кездесуде Қазақстанның Ресей газын Өзбекстанға жеткізудегі негізгі транзиттік серіктес ретіндегі рөлі ерекше аталып өтілді. Бұл бағытта тасымал көлемін жоспарлы түрде өсіру, 2026 жылға дейін 11 млрд м³-ке жетуі белгіленді. Сонымен қатар, Қазақстанның Өзбекстанға мұнай транзиті мен жеткізілімін қамтамасыз етуге дайын екендігі айтылды.✔️

Кездесу барысында электр энергетикасы саласындағы өңірлік маңызды жобаларға назар аударылды. Тараптар «Қамбарата-1» СЭС-нің құрылыс жұмыстарын іске асу барысын талқылады. Бұл жобаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан стратегиялық серіктес ретінде қатысуда. Дүниежүзілік банктің тартылуы мен халықаралық кеңесшінің таңдалуы жобаның белсенді кезеңге өткендігін көрсетеді. Сонымен қатар, Әзербайжанмен бірлесіп Каспий теңізі арқылы «Жасыл энергетикалық дәліз» құру жобасының мәртебесі қаралды. Жобаны іске асырудағы нақты қадам ретінде 2025 жылдың 1-шілдеcінде «Yasil Dəhliz Birliyi» бірлескен кәсіпорны құрылды.✔️

Сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін «Жасыл энергетикалық дәліз» жобасының мәртебесі қаралды. Бұл жоба Қазақстанның Әзербайжанмен бірлескен бастамасы болып табылады. Аталған бағыттағы нақты қадам ретінде 2025 жылғы 1 шілдеде «Yasil Dəhliz Birliyi» ЖШС бірлескен кәсіпорын құрылғаны атап өтілді.

«Өзбекстанмен әріптестік стратегиялық маңызға ие. Біздің елдер Орталық Азияның ортақ энергетикалық жүйесіндегі негізгі буын саналады. Бүгінгі Елші мырзамен болған кездесу барысында “Жол картасындағы” міндеттердің орындалуын нақтылап, бірқатар жобалардың іске асырылу барысын талқыладық. «Қамбарата-1» СЭС-і мен «Жасыл энергетикалық дәліз» бастамалары тек ұлттық энергетикалық жүйелерді нығайтып қана қоймай, бүкіл өңірдің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Кездесуде тараптар ортақ бастамаларды тиімді іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар арасында тұрақты әрі үйлесімді байланыс орнатуға уағдаласты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button