Мәдениет

Қазақстан – майдан тірегі

Ұлттық музейде руханият ордасы мен Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан – майдан арсеналы» атты көрме өтіп жатыр. Көрме 9 маусымға дейін жалғасады. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған көрменің мақсаты – аталған музейлер қорында жинақталған жәдігерлер негізінде Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесін көрсету, тыл ардагерлерінің еңбегіне тағзым етіп, жасаған ерліктерін еске ала отырып, өскелең ұрпаққа патриот­тық тәрбие беру.

Көрменің тақырыптық құрылымы «Қазақстанның кен орындары мен мұнайы», «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның өндіріс орындары», «Ауыл шаруашылық» және «Майдан бригадалары» деп аталатын 4 бөлімнен тұрады.

Көрмеде соғыс жылдарында геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен ашылған Жезді марганец кен орны және майданға қажетті қорғасын, мыс, басқа да шикізаттарды өндіретін зауыттар туралы архивтік құжаттар, еліміздегі эвакуацияланған кәсіпорындар, ауыл шаруашылығының үлесі, соның ішінде күріш өсіруден әлемдік рекорд жаңартқан Ыбырай Жақаевтың орағы мен кетпені, даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өз қаражатына ұшақ салдырғаны үшін алғыс хаты және т.б. тақырыптарды бейнелейтін жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button