Ел тынысы

Қазақстан ISO халықаралық алаңына енуде

«ҚазСтандарт»РМК Бас директордың орынбасары Жазира Шүйкебаеваның жетекшілігімен кәсіпорын қызметкерлері Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) техникалық бағдарламасының басшысы Салли Суингевудпен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында тараптар ISO (ИСО/ТК) халықаралық техникалық комитеттерінің қызметіне, халықаралық стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қайта қарау процестеріне, сондай-ақ оларды енгізуге қатысты мәселелерді талқылады. Стандарттардың қайталануын талдауға және нарықта стандарттарды ілгерілетудің маркетингтік стратегияларына ерекше назар аударды.

Бұдан басқа, Қазстандарт өкілдері Қазақстанның ISO практикалық қызметіне қатысуын жандандыру, атап айтқанда, ISO ТК жұмысының барлық процестерін үйлестіретін Техникалық басқару бюросының (TББ) жұмысына қатысуға және ISO стандарттарын әзірлеуге ниет білдірді.

ISO/TC 34/SC 6 «Ет, құс, балық, жұмыртқа және олардан жасалған өнімдер» техникалық бағдарламасын басқаратын Суингевудіңибіздің елдің серіктес ретінде рөлі артып келе жатқандығы айтылып, осы комитеттің қызметі туралы сөз қозғалды.

— Біз Қазақстанның халықаралық стандарттау саласындағы жұмысындағы прогресті көріп отырмыз және техникалық комитеттерді бірлесіп жүргізу Қазақстанның тұрақты дамуына байланысты жаһандық бастамаларға белсенді қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз, — деп атап өтті Салли Суингевуд.

2024 жылғы 9 қазанда ҚазСтандарт Қытай стандарттау жөніндегі әкімшілігімен ISO/TC 34/SC 6 «Ет, құс, балық, жұмыртқа және олардан жасалған өнімдер» және ISO/TC 135/SC 9 «Акустикалық эмиссияға сынақтар» екі техникалық комитеттің жұмысын бірлесіп жүргізу туралы келісімге қол қойғандығын естеріңізге саламыз. Бұл Қазақстан үшін осындай деңгейдегі алғашқы тәжірибе және ол елдің стандарттау саласындағы халықаралық қатысуын күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобалар шеңберінде, сондай-ақ ТББ құрамына Қазақстан өкілінің номинациясы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл бастама Қазақстанға ТК-ны тиімді жүргізу және стандарттарды әзірлеу бойынша ISO және озық шет елдердің тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеуге, сондай-ақ халықаралық аренада стандарттау саласында Қазақстанның мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button