Әлеумет

Қазақстан бензинмен толық қамтамасыз етілген

Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының Аи-92 және Аи-95 маркалы бензиннің экспортына кезекті шектеу енгізуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, Ресей осындай шараларды қатарынан үшінші жыл қабылдап отыр. Алайда бұл шектеулер индикативтік теңгерімдер шеңберінде үкіметаралық келісімдерге қол қойған елдерге қатысты емес. Қазақстан — сол елдердің бірі. Құжатқа сәйкес, елімізге 285 мың тонна бензин экспорттауға квота берілген.

— Ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Қазақстан өзін бензинмен толық қамтамасыз етіп отыр. Тіпті, тарихта алғаш рет 70 мың тоннадан астам бензин экспорттадық — бұл жеткізу мен өндіруде ешқандай іркілістің жоқ екенін дәлелдейді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Министр елімізде жанармай тапшылығы жоқ екенін атап өтті, дегенмен мұнай өнімдерінің заңсыз шығарылуына жол бермеу үшін бақылауды күшейту қажет.

Ал Қазақстандағы бензин, дизель және автогаз бағасы қандай екенін білгіңіз келсе мына сілтемеден оқыңыз.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button