Мәдениет

«Қазақконцертте» композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл – сазгердің алғашқы ірі авторлық концерті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кеш барысында композитордың туындылары «Saz&Soul» тобы мен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалып, оның шығармашылығын жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берді.

Концертте «Қайран көңіл», «Сағым дүние», «Отан Ана», «Жан ана», «Кешір мені», «Аманат», «Аялаған арман-ай», «Сәуле» әндері, сондай-ақ танымал кинофильмдерге жазылған музыкалық шығармалар шырқалды. Кешке қазақстандық танымал орындаушылар мен музыканттар қатысты.

Қуат Шілдебаев – отандық музыкалық өнердің жарқын өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып, кеңінен танылған.

2025 жылы композитордың жеке скрипка мен ішекті ансамбльге арналған «Қаракемер» күйі америкалық Global Music Partnership Press баспасынан жарық көрді. Қ.Шілдебаев осылайша, шығармасы аталған баспа арқылы жарияланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Сонымен қатар «Қаракемер» күйі Нью-Йорк қоғамдық кітапханасының коллекциясына енгізілді. Туындының премьерасы Гарвард университетінде және Бостон бейнелеу өнері музейінде өтіп, қазақстандық композитордың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын айқындай түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button