Қоғам

Қазақ ұлттық хореография академиясы экоакцияға қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясының аумағында TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік экокампаниясының бастау алуы аясында ағаш отырғызу бойынша жалпыұлттық экологиялық акция өтті. Шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті арттыру және жастарды тұрақты даму бастамаларына тарту, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған жоба Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы және «TazaLike» салтанатты іс-шарасына дайындық шеңберіндегі Жол картасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда.

TURAQTY JOL — өскелең ұрпаққа мәдени, адами және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған өлкеге деген ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл жоба бұған дейін сәтті іске асырылған бес циклдің жалғасы болып табылады. Жобаның бас серіктесі – Банк ЦентрКредит, ресми серіктесі – Chevron компаниясы, экокампанияның серіктесі – HP Global Trading B.V. болып табылады.

Бастама келесі ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылуда: Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесі және Қазақ ұлттық хореография академиясы жанындағы Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Астана қаласы бойынша өңірлік өкілдігі.

Іс-шараға ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия Бас хатшысының орынбасары Қойшыбаев Бақберген Бақытжанович, Астана қаласы Есіл ауданының әкімі Қыдырбек Дарменияр Алғатбекұлы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторы бағдарламаларының жетекшісі Байбеков Максат Талғатұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Садвакасова Динара Тойбасарқызы және Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры Есентемирова Айгүл Маратқызы қатысты.

Шара аясында қылқан жапырақты ағаштар аллеясы табысты отырғызылды. Акция тұрақты даму құндылықтарына адалдықты көрсетті және табиғатты сақтау жолындағы әр адамның жеке үлесінің маңыздылығын еске салды.

Аталған эконауқан кезеңінің ерекшелігі – оның ауқымдылығында: Қазақстанның барлық 17 өңірінде және республикалық маңызы бар қалаларда осындай шаралар бір мезгілде өтіп, мыңдаған қатысушыларды біріктірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button