Ел тынысы

Қазақ тазысы Хельсинкиде өткен көрмеде таныстырылды

2025 жылғы 7-10 тамыз – «World Dog Show 2025» атты Дүниежүзілік иттер көрмесі өтті. Көрме аясында алғаш рет ресми түрде халықаралық деңгейде қазақ тазысының таныстырылымы ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақ ұлттық тұқымын қатаң критерийлер бойынша іріктелген және халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша дайындалған 8 қазақ тазысы ұсынды.

Көрме барысында Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі мен ҚР кинологтар одағы бірлесіп, қазақ мәдениеті күндерін өткізді. Бұл күндер көрменің мәдени бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды. Ұлттық стендте қазақ тазысының тарихи шығу тегі, өзіндік ерекшеліктері мен қазақтың мәдени мұрасы ретіндегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Көрермендер безендірілген буклеттер, ақпараттық материалдар мен бейнепрезентациялар арқылы Қазақстанның бай мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен және табиғатымен танысуға мүмкіндік алды. Қонақжайлық аймағында ұсынылған ұлттық тағамдар мен қазақ тұрмысының элементтері ерекше қызығушылық тудырды. Бұл аймақта әрбір келуші еліміздің өмір салты мен дәстүрлі құндылықтарына жақын таныса алды.

«World Dog Show 2025» көрмесіндегі қазақ тазысының таныстырылымы осы ерекше тұқымды халықаралық деңгейде танымал ету жолындағы маңызды қадам болды және көрме қатысушылары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button