Құқық

Қауіпсіз аула – қоғам тыныштығының кепілі

Елордада «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Байқоңыр ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары азаматтық қару иесінің қаруды сақтау шарттарына тексеру жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тексеру барысында қаруды сақтау талаптарының заңға толық сәйкес екені анықталып, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, қару иесімен Қазақстан Республикасының азаматтық қару айналымы саласындағы заңнамаларды қатаң сақтау, қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жан-жақты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық шаралар арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты міндеттердің бірі.

Полиция – әрдайым халықпен бірге, қауіпсіздік пен тәртіптің кепілі!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button