Елорда тынысы

Қарттарға көмек көрсетті

«Таза Қазақстан» экоакциясы және «Қысқы игі істер» акциясы аясында елорданың Үркер тұрғын алабында қарт тұрғындардың аулаларын қар мен мұздан тазалау жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараны елорданың Нұра ауданы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция аясында қыс мезгілінде аула маңын тазалау қиынға соғатын қарт тұрғындарға көмек көрсетілді. Волонтерлер аулаларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және үйлерге кіреберістерді қардан тазалап, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасады.

«Акцияның негізгі мақсаты – қарт кісілерге көмек көрсету және қоғамда өзара көмектесу мәдениетін дамыту. Мұндай іс-шаралар тұрмыстық мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар аға буынға құрмет көрсетуге және жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Нұра ауданы әкімдігінің қызметкері Руслан Сабитов.

Үркер тұрғын алабының тұрғындары да өз алғыстарын білдірді.

«Жастар бізге бірнеше жылдан бері көмектесіп жүр. Оларды әкімдіктен жібереді, әрдайым қар күреуге көмектеседі. Қыста бұл жұмыс бізге өте қиын, сондықтан мұндай көмек біз үшін аса маңызды. Бей-жай қарамай, көмекке келгендердің барлығына шын жүректен алғысымызды айтамыз», — деді аудан тұрғыны.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button