Қоғам

Қарттар тегін кеңес алды

1 қазанда Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға Астана қаласы Әділет департаментінің, Нотариаттық палатасының, Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының және Адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Олар келген зейнеткерлерге құқықтық, әлеуметтік және қаржылық мәселелер бойынша тегін кеңес беріп, түрлі өмірлік жағдайлар бойынша практикалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, шара барысында медицина саласының мамандары да қатысып, егде жастағы азаматтарға денсаулықтарын нығайту жолдары, профилактикалық тексерулер және дұрыс тамақтану бойынша кеңестер ұсынды.

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы Кенжеболат Бапишев мұндай игі бастаманың негізгі мақсаты — зейнеткерлердің өмір сапасын арттырып, оларға әлеуметтік, құқықтық және қаржылық қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамдағы белсенділігін сақтауға көмектесу екенін айтты.

– Қарияларымыз — біздің алтын қазынамыз. Біз олардың бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. Қарттар күнінде осындай ашық есік күндерін өткізу арқылы біз олардың өзекті мәселелеріне назар аударып, пайдалы кеңестер мен қажетті ақпарат алуға мүмкіндік туғызып отырмыз, -деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button