Қала мен сала

Қар күреуге 2 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды

Астанадан өткен түні 60-қа жуық жүк көлігі көлемінде қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу мен көктайғақты болдырмау жұмысын күшейтілген әрі үздіксіз режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

5 қарашаға қараған түні елорда аумағынан 686 текше метр қар арнайы қар полигондарына жеткізілді. Бұл шамамен 60 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

5 қараша таңынан бастап қала бойынша қар мен мұзды тазалау жұмысына 2 700-ден астам жол жұмысшысы мен 810 арнайы техника шықты.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Осыдан кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарында мейлінше сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button