Қала мен сала

Қар күреу жұмысы тәулік бойы жалғасуда

Астананың коммуналдық қызметтері қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Күніне қаладан ондаған мың текше метр қар шығарылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

10 желтоқсан күні күндізгі ауысымда коммуналдық қызметкерлер қаладан шамамен 1682 рейспен 20 мың текше метр қар шығарған.

11 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 378 жол жұмысшысы және шамамен 1 200 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы қаладан 30 665 жүк көлігімен 391 мыңнан астам текше метр қар шығарылған.

Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қарқыны орташа жолдар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.

Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолдар мен тротуарларда барынша абай болуды және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауды кеңес етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button