Ел тынысы

Қант саласына ірі инвестициялар тартылуда

Былтыр қант қызылшасы өндірісі бойынша рекордтық көлем – 1,2 млн тонна шикізат қайта өңдеуге қабылданды, бұл қызылша қанты өндірісінің 62%-ға өсуіне ықпал етті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков хабарлады. Оның айтуынша, қант қызылшасын қайта өңдеуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«2025–2026 жылдары қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Қөксу қант зауыты» ЖШС-нің қуаттылығын 105 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, Алматы облысында қуаттылығы 500 мың тонна болатын қант зауытын салу бойынша араб инвесторларымен келісімге қол қойылды. Жамбыл облысында инвесторлар қуаттылығы 130 мың тонна болатын зауыт салуға ынта білдіріп отыр», – деді спикер.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button